Алматыдан 111 километр қашықтықта жер сілкінісі болды

09.01.2019 17:31

Магнитудасы 4.0 жер асты дүмпулері Қырғызстан аумағында тіркелген


«Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер орталығы» АҚ-на қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі магнитудасы MPV 4.0 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Sputnik.

Жер асты дүмпулері бүгін Астана уақытымен 01.41-де тіркеліпті.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 111 километр жерде Қырғызстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық классы 8.7.

Сейсмикалық белсенділік ошағының тереңдігі 15 километр.