Мас күйінде ота жасаған дәрігер жаңа туған сәби мен анасын өлтіріп алды

30.11.2018 17:32

Үндістанның Гуджарат штатында дәрігер науқасқа мас күйінде ота жасаған, деп хабарлайды stan.kz.

22 жастағы келіншек толғағы жақындаған соң ауруханаға жеткізілген. Оған кесір тілігін жасайды. Отадан соң сәбидің өлі туғанын туыстарына хабарлайды. Ал, анасынан көп қан кеткен. Науқасты жеке емханаға апармақ болғанда, жолда көз жұмды.

Кесір тілігін 15 жылдық тәжірибесі бар дәрігер жасаған. Науқастың өлімінен соң дәрігер полиция шақыртып, өзін ақтамақ болады. Алайда полицейлер дәрігердің аузынан ішімдік иісін байқап қояды.

Тексеріс тен соң оның мас күйінде ота жасағаны анықталып, дәрігер қамауға алынды.

Қазіргі таңда науқастың өлімі неден болғаны анықталып жатыр.