Атырауда хиджаб киетін 16 оқушының ата-анасына айыппұл салынды

21.09.2018 17:33

Атырауда мектепке орамал тағып келген оқушылардың ата-аналарына жалпы алғанда шамамен 200 мың теңге (Ұлттық банк бағамы бойынша 550 доллар көлемінде) айыппұл салынды, деп хабарлайды sputniknews.kz.

«Міндетті мектеп формасын кию ережесі барлығына ортақ. Алдымен ата-анаға ескерту жасалады», — деді аймақтағы Білім саласын бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев. 

Оның айтуынша, егер балалар ережені бұзуын жалғастыра берсе, онда Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 409-бабы бойынша (Қазақстанның білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу) олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылады, онда 10 АЕК (24050 теңге немесе 67 доллар) айыппұл қарастырылған. 

«16 ата-анаға қатысты іс сотқа жолданды, содан кейін олардан бес АЕК көлемінде айыппұл өндіру туралы шешім қабылданды, бұл 12025 теңге (33 доллар — Sputnik)», — деді Есенғалиев.


Өткен жылы мектеп оқушыларының ата-аналарына қатысты алты іс қаралған болатын.