Астанада жас жігіт жоғары қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана полициясы департаменті жас жігіттің жоғары қабаттан секіріп кеткенін растады. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Марқұмның кім екені анықталды. Қажетті сараптамалар белгіленді. Өлер алдында жазған хаты бар», — деп мәлімдеді Астана полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.