2018 жылдың желтоқсан айында қазақстандықтарды қосымша 4 демалыс күні күтіп тұр. Республика тұрғындары жылдың соңғы айында барлығы 13 күн демалады, деп хабарлайды eGov.kz сайты.
1 желтоқсан күні елімізде Тұңғыш Президент күні атап өтіледі. Тұңғыш Президент күні сенбімен тұспа-тұс келгендіктен, демалыс күні 3 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 1-3 желтоқсан күндері демалады.
16 және 17 желтоқсан күндері Қазақстанда Тәуелсіздік күні аталып өтеді. 16 желтоқсан жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен, демалыс күні 18 желтоқсанға ауыстырылады. Осыған байланысты қазақстандықтар 15 желтоқсаннан бастап 18 желтоқсанға дейін, яғни 4 күн демалады.
Қазақстандықтар Жаңа жылды 4 күн бойы – 30 желтоқсаннан бастап 2 қаңтарға дейін тойлайды. 29 желтоқсан (сенбі) жұмыс күні саналады, өйткені сенбілік демалыс күні 31 желтоқсанға (дүйсенбіге) ауыстырылады.