Шымкентте мүгедек жан тірідей жанып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте Қабанбай батыр көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірін тілсіз жау шарпыды. Пәтердің ішінде төсек тартып жатқан зейнекер қалып қойған, деп хабарлайды sn.kz.
Терезеден шыққан түтінді көрген көршілер бірден өрт сөндірушілерге хабарласады. Алайда, мүгедек кісіні құтқара алмаған. Өйткені, пәтердің есігі ішінен кілттеулі болыпты. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенше ер адам тірідей жанып кеткен.
Марқұмның екі баласы үйден өрт шыққанын көршілерінен естіп жылдам келгенімен, әкелерін құтқарып үлгермеді. Оның тірідей жанып кеткенін естіген қызы есінен танып қалған.
Жалын пәтердің жартысын шарпып үлгерген. Қазіргі кезде өрттің болу себеп-салдары анықталуда.
Сурет: gorvesti.ru
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46