|
12.11.2018 | 12:38
3014

«Қызым тоқтатты»: Алмас Кішкенбаев өзіне қол салмақ болған

«Қызым тоқтатты»: Алмас Кішкенбаев өзіне қол салмақ болған

Шығармашылық дағдарысқа ұшырап, отбасынан ажырағанын айтқан Алмас Кішкенбаев өзіне қол жұмсамақ та болған. Әнші басынан өткен ауыр күндері жайлы Тимур Балымбетовтің «Шыны керек» бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды kyn.kz.

Кішкенбаев өзіне қол жұмсау мақсатында терезе алдына барған. Алайда сол сәтте әншінің тұңғышы хабарласып қалыпты.

«Барлығы жаман дүниенің (ред: ішімдік) әсері. Терезенің алдында тұрған кезде, мені Зеренің шалған қоңырауы тоқтатты. Мен ешкімді жамандамаймын. Оның барлығы өзімнен. Өзімнің ішімдегі нәрсе әсер етті. Бірақ оның барлығы қазір артта қалды», - деді Кішкенбаев.

Айта кетейік, осыған дейін Алмас Кішкенбаевтың отбасымен ажырасқанын мойындаған болатын.

Сондай-ақ әнші өзінің ішімдікке салынып кетіп, арнайы орында емделуге мәжбүр болғанын да жасырмады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир