Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 64 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Қалада түнгі 03:00-дер шамасында жауынның арты қарға ұласа бастаған. Қаланың ішіне жауған қардың қалыңдығы тобықтан аспаса, таулы аймақтардағы қар қалыңдығы 10 см-ге жеткен. Қаланың коммуналды қызметтері көктайғақтың алдын алу мақсатында қала көшелеріне 64 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты», - делінген хабарламада.
Шаһардағы қарды тазалауға 411 техника мен 1416 жұмыскер жұмылдырылды.