Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубын сатып алды

21.11.2018 17:46

Танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының иегері атанды, деп жазады Тенгриньюс.кз «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.

Ол 20 қарашада өткен бәссаудада жеңіске жеткен. Қазақстанның танымал футболшысы бүгінде футбол клубының бас директоры Самат Смақов клубты 7 жылға басқару құқығына ие болды. Осы мерзім өткеннен кейін ол «Ақтөбе» футбол клубын сатып алуға мүмкіндік алады.

Ақтөбе облыстық әкімдігінің өкілдері осы жағдайға қатысты ресми түрде мәлімдеме жасаған жоқ.

Самат Смақов биыл қаңтарда «Ақтөбе» ФК бас директоры қызметіне тағайындалған еді. Сондай-ақ биыл ол футболшы ретінде соңғы ойынын өткізді.