Қарағандыда Жаңа жыл қарсаңында азық-түлікке кеткен әйел жоғалып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қарағанды қаласының тұрғыны Альфия Асанова 29 желтоқсан күні із-түссіз жоғалып кеткен, деп жазады sn.kz.
Отбасының досы Мұрат Шариповтың айтуынша, әйел жаңа жыл қарсаңында азық-түлік алуға шығып кеткен екен. Алайда, үйге қайтып оралмаған.
«Ол дүкенге сағат 11:00 шамасында шыққан болатын. Содан кейін үйге келмеді. Құжаттары мен ұялы телефонын өзімен бірге алмаған. Альфияның 7 жасар қызы мен кәрі анасы бар. Ол жұмыс істемейді, қызының тәрбиесімен айналысады. Пәтерлерін жалға береді. Күйеуімен екі жыл бұрын ажырасып кеткен болатын, бірақ олар араласып тұрады», – дейді Мұрат.
Әйелдің жоғалғаны туралы туыстары полицияға арыз жазған. Алайда, еш мәлімет жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
14.11.2026 11:34
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36