|
15.11.2018 | 12:54
1607

Теміртауда лифтте аяусыз өлтірілген келіншекке қатысты тың деректер шықты

Теміртауда лифтте аяусыз өлтірілген келіншекке қатысты тың деректер шықты

Теміртауда лифт ішінде 60 рет пышақталып, аяусыз өлтірілген келіншектің оқиғасына қатысты жаңа деректер шықты, деп жазады Etemirtau cайтына сілтеме жасаған Нұр.кз.

Жантүршігерлік оқиғада қайтыс болған әйел жергілікті турфирманың жұмысшысы болып шықты. 32 жастағы Наталья Никитина өз көршісінің қолынан қаза тапқан. 37 жастағы келіншек бұл әрекетке қызғаныш кесірінен барған.

Марқұм тұрған көп қабатты үйдің тұрғындары сол күні лифттің істен шыққанын байқағандарын жеткізді.

«Сағат сегіз мөлшерінде лифтпен түстім. Немеремді жаттығуға алып барып, жарты сағаттан соң қайтып келгенімізде лифт істемей тұр екен. Оның қасында иті бар әйел тұрды. Ол лифттің істемей тұрғанын айтты. Мен "жарты сағат бұрын жұмыс істеп тұрған еді ғой" дегенімде, ол да қазір ғана лифтпен түскенін жеткізді. Екеумізде әлгенде ғана істеп тұрған лифтке не болғанын түсінбей тұрдық», - деді үй тұрғыны.

Сол арада көршілер 10-шы қабатта тұрып қалған лифтіден бойжеткеннің денесін тапқан. Ал сұмдық оқиға туралы бірден ортақ чатқа жазған.

Анықталғандай, қаза болған марқұм сол үйдің 32 жастағы тұрғыны Наталья Никитина болып шыққан.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер алдымен келіншекпен азаматтық некеде тұрған ер адамды тұтқынға алған. Ол өз кезегінде кінәлі емес екеніне сендіріп әлек болған. Дәл сол күні оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы әйел ұсталған. Ол кінәсын мойындаған. Кісі өліміне қызғаныш себеп болыпты.

Болжам бойынша, күдікті марқұм әйел бірге тұрған азаматпен интимдік қарым-қатынаста болған болуы мүмкін. Қазіргі таңда күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир