Ливерпульде The Beatles тобына ескерткіш қойды. Негізінде дәл осы ескерткіштің түпнұсқасы Алматыдағы Көк-Төбеде орнатылған. Бұл туралы қазақстандық кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Liverpoolecho басылымының мәліметінше, ескерткішті Rubber Soul ғимаратының иелері орнатқан.
БАҚ мәліметінше, мүсін Мэтью-стрит орталығында, музыканттардың туған жерінде - Ливерпульде орнатылған. Бұл топ мүшелеріне қойылған бірінші ескерткіш емес. Музыканттардың тағы бір мүсіні Pier Head кешенінде және Hard Day’s Night қонақүйінің шатырында орнатылған.
Ливерпульдегі ескерткіш. © liverpoolecho.co.uk Көк-Төбедегі «Битлз орындығы» скульптурасы. Сурет «Көк-Төбе» паркінен.
The Beatles тобының ескерткіші Алматыда 2007 жылы пайда болды. Ескерткіш қоладан жасалған. Джордж Харрисон, Ринго Старр және Пол Маккартни тұрып тұр. Ал Джон Леннон болса орындықта гитарамен отыр.