Аязда жалаң аяқ кетіп қалған: Қостанай облысында жоғалып кеткен қыздың өлімінің мән-жайы белгілі болды

Аязда жалаң аяқ кетіп қалған: Қостанай облысында жоғалып кеткен қыздың өлімінің мән-жайы белгілі болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полиция Қостанай облысында із-түзсіз жоғалып кетіп, артынша мүрдесі табылған қыздың өліміне не себеп болғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еске сала кетсек, бұған дейін 20 жастағы Екатерина Пудвиль 7 қарашада үйінен кетіп қалып, сол күйі қайтып келмгене еді. Арада бір апта өткеннен кейін оның денесі Тобыл өзенінің жағасынан табылды. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, бойжеткенді ешкім өлтірмеген. Оның суықтан үсіп қайтыс болғаны анықталды.

Қыздың өліміне алып келген оқиғаны тергеу барысында оның достарымен бірге жалдамалы пәтерде кездескені анықталды. Олардың ішінде полиция бөлімінің қызметкері де болған. Жастар ішімдіктен ұрттап, артынша Екатерина өзін нашар сезініпті. Олар достарының қалуға көндіргеніне қарамастан, үйден кетуге тырысады. Нәтижесінде пәтерден әрең сытылып шыққан бойжеткен тек күртесін алып, жалаң аяқ кетіп қалған.

Достары Екатеринаның жоғалып кеткенін білгеннен кейін, оны іздестіруге кіріскен. Алайда еш нәтижесі болмапты. Ол ұялы телефонына шалынған қоңырауларға жауап бермеген. Сол кезде достары Екатерина үйіне қайтып оралып, тынышталған болар деп шешіпті.

«Тергеу барысында анықталғандай, достардың арасында ұрыс-керіс болмаған», – дейді ІІМ-дегілер.

Аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Ал полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.


Новости партнеров