Астана мектептерінде сабақ болмайды

29.11.2018 17:57

Бүгін Астанада ауа райының бұзылуына байланысты екінші ауысымдағы мектеп оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасы.

«29 қарашада ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде 0-11(12) сынып оқушылары үшін сабақ өткізілмейді», — делінген білім басқармасының хабарламасында.

Синоптиктер бүгін еліміздің солтүстігінде боран соғатынын ескерткен еді.

Қазгидромет Ақмола облысы мен Астанада дабылды ескерту жариялады.