Семей тұрғыны Фейсбуктегі жазбасы үшін сотқа тартылды

25.10.2018 17:59

Семей тұрғыны Фейсбуктегі жазбасы үшін сотқа тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс «Семей айнасы» сайтына сілтеме жасап.

«Сот Қылмыстық кодекстің 405-бабы екінші бөлімі бойынша Ф.М. Ишмухаметовты айыпты деп танып, бір жылға бас бостандығын шектеді», – деп қаулы шығарды сот.

Биылғы шілдеде аталмыш азамат Facebook парақшасына Семей маңындағы кенттің су мәселесін жазған. Онда ол қазіргі билікті шенеп, Қазақстанда тыйым салынған ұйымды (ДВК) қолдап, жазба қалдырған.

Ол өз жазбасын қазіргі уақытта өшірді.

Айта кетейік, сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.