Бейжің олимпиадасы: Рыпакова 10 жылдан кейін күміс медаль иеленді

03.10.2018 17:59

2008 жылғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық Ольга Рыпакова төртінші орыннан екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sputniknews Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Он жыл бұрынғы Олимпиада қорытындысы бойынша Рыпакова үштік секіруден төртінші орын иеленген еді. Алайда кейінірек қола және күміс жүлдегер атанған атлеттер – грекиялық Хрисопия Деветци мен ресейлік Татьяна Лебедеваның допинг пайдаланғаны дәлелденіп, жарыстағы нәтижелері жойылды.

Сөйтіп, Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы (IAAF) Рыпакованы Олимпиаданың күміс жүлдегері деп ресми түрде таныды. Лебедева мен Деветци дисквалификацияланған.