Сот «Астана банкін» тарату туралы шешім қабылдады

26.11.2018 18:17

Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана Банкі» АҚ-ны тарату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырылуына байланысты «Астана Банкі» АҚ-ны тарату туралы өтініш берді.

«Сот шешімімен «ҚР Ұлттық банк» РМБ-ның «Астана Банкі» АҚ қызметін ықтиярсыз тоқтату (тарату) туралы қуыным талабын толық көлемде қанағаттандырды», - деп хабарлады қалалық соттағылар.

Еске сала кетейік, 2018 жылы 19 қыркүйекте Ұлттық банк «Астана Банкі» АҚ-ты банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдаған болатын.