Түркістан облысында ер адам 9 жасар баланы зорламақ болған

14.11.2018 21:28

10 қарашада Ақсукент ауылында 9 жасар балаға азғындық көрсетпек болды деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды. Үстінен түсіп қалған баланың ата-анасы оны оқиға орнында ұстап, бірден полицияға хабарласқан, деп жазады Nur.kz.

Күдіктінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Анық болғандай, балаға шабуыл жасау кезінде ер адам мас болған. Басқа мәліметтер хабарланбайтыны айтылды.

Тергеу амалдары жүргізіліп біткенше ер адам 2 ай қамауда болуы мүмкін.