«Қазгидромет» 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады.
«Бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың солтүстік-батысқа ауысып, Баренц теңізі жақтан арктикалық ауа массаларын әкелетінімен байланысты. Күн суытар алдында Қара теңіз циклоны мен онымен байланысты атмосфералық ағындар республиканың солтүстігіне қарай жылжиды. Соның салдарынан қар жауып, жел тұрып, тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.