Ақтөбеде бетперде киген белгісіз біреулер оқушы қызды аяусыз соққыға жыққан

21.12.2018 в 18:34

Ақтөбеде маска киіп алған белгісіз біреулер 14 жастағы оқушы қызға шаубылдап, аяусыз соққыға жыққан. Салдарынан қыздың миы шайқалып, басқа да жарақаттар алыпты, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға 12 желтоқсанда №55 мектептің маңында орын алған. Маска киген 4 адам 9-сынып оқушысына шабуылдап, ұрып-соғып, артынан қашып кетіпті.

Болжам бойынша, оқушыға тап берген қыздар көрінеді.

Салдарынан 14 жастағы қыз ауруханаға жеткізілді. Оның миы шайқалып, бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлер оған көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жіберді.

Әзірге оны кімнің және не үшін соққыға жыққаны белгісіз.

Облыстық полиция департаментіндегілер аталған фактіні растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.