Министрлік туберкулезбен ауыратын тәрбиешінің балабақшаға қалай келгенін айтты

Министрлік туберкулезбен ауыратын тәрбиешінің балабақшаға қалай келгенін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ақмола облысындағы балабақша дауы жайлы айтты.

Шортанды ауылында балабақша тәрбиешісінің туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратыны анықталған еді. Бұған ата-аналар наразылық танытты, деп жазады Sputnik.

Тексеріс кезінде медицина қызметкері тәрбиешінің жөтеліп жүргенін көріп, оны жұмысынан босатып, аудандық ауруханаға тексерілуге жібереді. Ол жақта терапевт рентген сулесін жасап, туберкулез ауруын анықтаған.

«15 маусымда тәрбиеші тексеруден өткен. Ол кезде өкпесі таза болған. Ол уақытта жаңа басталған болуы мүмкін. Ал, үш ай өткенде басқаша нәтиже шыққан», – дейді Жандарбек Бекшин.

Оқиғадан соң тәрбиешімен қатынаста болған қызметкерлердің бәрін флюорографияға түсіріп, балалардан сараптама тестін алды. Ересектердің денсаулығы таза деп шықты. Ал балалардың тексеру нәтижесі үш күннен соң дайын болады.

23 жастағы тәрбиеші қазір туберкулез емдейтін диспансерде емделіп жатыр.


Новости партнеров