Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, қар аралас жаңбыр жауады

08.10.2018 19:00

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

«Батыс тропосфералық ағындар ақырындап солтүстік-батыс жəне солтүстікке ауысатын болады. Алдағы үш тəулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік өңірлерінен жылжитын арктикалық фронттардың ықпалынан республиканың көптеген облысында жаңбыр жауады, кейде жабысқақ қарға ұласуы мүмкін», — деп хабарлайды синоптиктер. 

Бұл күндері ауа температурасы 0°С-ден төмен болады деп болжанып отыр. 

Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығысында күн суытады, мұнда да кей жерде жаңбыр жауады, таулы жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады.