«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2052 өтініш мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 2052 өтініш мақұлданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«7-20-25» бағдарламасы шеңберінде қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 36,6 миллиард теңге сомасына 3 089 өтініш қабылданды. Оның ішінде, 24,5 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болатыны айтылады.

Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.

Еске сала кетейік, осыған дейін «7-20-25» бағдарламасы бойынша 1695 өтініштің мақұлданғаны хабарланған болатынбыз.

Новости партнеров