Ұлттық музейден өрт шықты

12.10.2018 19:10
Ұлттық музейден өрт шықты

Елордадағы Ұлттық музей ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н. Нұрахметовтың айтуынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 12.44-те Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан ҚР Ұлттық музейі ғимаратының астыңғы қабатындағы аккумулятор батареясының өртенгендігі туралы хабарлама түскен.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 13:05-те қызыл жалын ауыздықталып, 13:08-де толықтай өшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шекендер жоқ, өртті сөндіруге өрт сөндіру қызметінің 18 маманы мен 4 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - деді Н.Нұрахметов.