Астанада аязға байланысты оқушылардың сабағы уақытша тоқтатылды

Астанада аязға байланысты оқушылардың сабағы уақытша тоқтатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ал күн райының суытқанына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде сабақ тоқтатылды. Мәселен, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының оқушылары бүгін мектепке барған жоқ. Елордада да 1 мен 11-сынып аралығындағы оқушылар және мен колледж студенттері сабақ өтпеді.

«Бүгін Астанада бірінші сыныптан бастап он бірінші сыныпқа дейінгі оқушылар және колледждің бірінші, екінші курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды. Себебі, даладағы ауа температурасы –35 градусты құрады. Қыста ауа райына байланысты шамамен, 15 күнге дейін сабақ өтпейтін кездер қарастырылған. Оқушылар бағдарламадан қалмайды. Себебі, кейін қосымша сабақтар өткізіледі», – деді Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Әнуар ЖАНҒОЗИН.



Новости партнеров