Талғар ауданында Жаңа жыл қарсаңында жанжалдасқан ер адамдар ортақ таныстарын өлтіріп, өртеп жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.
Оқиға 30 желтоқсан күні болған.
Адам өлтірді деген күдікке ілінгендер мен қаза болған азамат таныс болыпты. Олар бірге ішімдік ішіп, артынан сөзге келіп қалған.
«Талғар ауданында зорлық-зомбылық нәтижесінде көз жұмған ер адамның жанып кеткен мәйіті анықталды. Марқұмның тұлғасы анықталды. Ол 1980 жылы туылған, жергілікті тұрғын болып шықты», - деді полиция баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта екі күдікті тұтқындалып, біреуіне іздеу жарияланды.