ІІМ жаяу жүргіншілерге салынатын 70 мың теңге айыппұлға түсінік берді

ІІМ жаяу жүргіншілерге салынатын 70 мың теңге айыппұлға түсінік берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР ІІМ Әкімшілік полициясының баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина жаяу жүргіншілерге қатысты белгіленген қомақты айппұл сомасы бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, мессенджерлерде жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүріп өткендерге 70 мың теңге сомасында айыппұл салынатындығы туралы ақпарат тараған болатын.

«Әрине, айыппұл сомасы тұрғысында бұл ақпарат шындыққа сай келмейді. Қазіргі кезде жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер үшін айыппұл көлемі 2 АЕК деңгейінде. Ал жаяу жүргіншілерге қатысты жол ережесін бұзылуын алдын алу үшін полицейлер тиісті шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады», - деп жазды Ирина Лукьянина  Фейсбуктегі парақшасында.

Оның атап өтуінше, елімізде жол-көлік оқиғаларының әрбір екіншісіне жуығы жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты болып отыр. Сонымен бірге, жыл басынан бері 540 оқиға жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алған. Салдарынан 115 адам көз жұмып, 450 адам түрлі дене жарақаттарын алды.  

«Жөл-көлік оқиғасында өз кінәсінен мерт болған жаяу жүргіншілердің саны Алматыда, Қарағанды және Алматы облыстарында өсті. ЖКО-ның негізгі себептері жолды рұқсат етілмен бөлігінен қиып өтуден немесе бағдаршамның белгілерін елемегеннен болады», - деді И. Лукьянина.


Новости партнеров