ШҚО-да өртенген үйден қарияның денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Зырян ауданының Зубов кентінде тұратын қария өрттен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тілсіз жау түн ортасында тұтанған. Қызыл жалынды көршілері байқап, төтенше жағдай өкілдерін шақырған.
«Өрт сөндірушілер қызыл жалын шарпыған үйге енгенде 1931 жылы туған қарияның денесін тауып алды. Жалынмен арпалыс 2,5 сағатқа созылды», - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Өрттің шығуына отпен абайсыздық себеп болған деген болжам бар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40