Сот шешімі: «Астана банкін» тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енді

09.01.2019 20:45

«Астана» банкінің ақыры... Қаржы ұйымын біржола жабу туралы сот шешімі бүгін заңды күшіне енді.

Еске салайық, 2018 жылдың 26 қарашасында Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешімімен Ұлттық Банктің талап арызы бойынша «Астана Банкі»таратылды.

28 желтоқсанда сот шешіміне 6 заңды және 3 жеке тұлғадан апелляциялық шағым түскен. Дегенмен, Алматы қалалық соты апелляциялық арыздарды қанағатсыз қалдырды. «Астана» банкінің ликвидациясы туралы заңды шешім енді ары қарай тек кассациялық тәртіпте қаралуы мүмкін.

Айта кетейік, былтыр қыркүйек айында «Астана» банкі лицензиясынан қағылған еді. «Астана» банкінің 276 мыңға жуық салымшысы барлық депозиттер, ағымдағы шоттар және төлем карталары бойынша өтемақыны Қазақстандағы депозиттерге кепілдік беру қоры есебінен алып жатыр. Банк салымшыларына 37 миллиард теңге төленуі тиіс.