Ақтөбедегі журналист өлімі: Лифт жөндеген механик 4 жылға сотталды

19.10.2018 22:26

Тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімі бойынша сот үкімі шықты.

28 жастағы келіншектің лифтке кірмек болған кезде аяғы жұлынып қаза болған еді. Сот алдында «Жаңабек Сервис» мекемесінің негізін қалаушысы әрі директоры Кенен Жаңабеков пен осы компанияның механигі Жарылқасын Ақжанов жауапты деп танылды.

Айта кетейік, оқиға ағымдағы жылдың 4 сәуірінде болған еді.  

«Сот үкіміне сәйкес, Жаңабеков шартты түрде 4 жылға жауапқа тартылады. Ал механик Ақжанов 4 жылға сотталды, ол жазасын барынша қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Ақжанов сот залында қамауға алынсын», – деді Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Ербол ӘБДІХАЛЫҚОВ.