Алматы облысында әйел адамды зорлап өлтірді деген күдікпен шопан ұсталды

01.11.2018 19:30

Алматы облыстық полицейлері әйел адамды зорлап өлтірді деген күдікпен шопанды ұстады, деп хабарлайды stan.kz.

Аймақтық полиция департаментінің мәліметінше, 27 қазан күні Матыбұлақ ауылына жақын маңда 43 жастағы әйелдің денесі табылды. Мәйіттен зорлық белгілері анықталды. Шаруа қожалығындағы жұмысшылар әйелдің бірге тұрып жатқан азаматпен жанжалдасып қалғанын айтты. Ер адам кейін ізін жасырып, белгісіз жаққа кетіп қалған.

Полицейлер екі күн іздеп бұрын сотталған ер адамды жапан даладан тапты. Ол бұрын әртүрлі қылмысы үшін сотталған. Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.