|
12.11.2018 | 14:31
1218

Елімізде қай мамандық иелерінің жоғары жалақы алатыны белгілі болды

Елімізде қай мамандық иелерінің жоғары жалақы алатыны белгілі болды

2018 жылдың үшінші тоқсанында қазақстандықтардың орташа жалақысы 161783 теңге болды. Бұл туралы Статистика комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Бақ.кз.

«2018 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлығы 161783 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанға 109,3%, ал нақты жалақы индексі 103,1%-ды құрды», делінген хабарламада.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 317,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 290,2 мың теңге (1,8 есеге), өнеркәсіп саласында – 232,2 мың теңге (1,4 есеге), құрылыс саласында – 229,2 мың теңге (1,4 есеге), ақпарат және байланыс саласында – 224,9 мың теңге (1,4 есеге) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 106,4 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 34,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді – 310,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында оның шамасы 98,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 38,9%-ға төмен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир