Хатчинсон қаласының бизнесмені Крис Эллис «Макдональдс» қызметкері Вики Андерсонға көлік алып берді.
Кәсіпкер қызметкерге 2009 жылғы Pontiac көлігін сыйлады. Элилс пен Андерсон достарша араласып кеткен. Себебі қызметкер тұрақты клиентін үнемі жақсы қарсы алып жүрді.
Бірде Андерсон Эллистен арзан көлік сататын адамдар бар ма деп сұрайды. Өз көлігінің сынып қалғанын, жөндеу жұмысы үшін 500 доллар керек екенін айтады.
Осы кезде кәсіпкердің ұлы өз көлігін сатпақ болып жүреді. Кәсіпкер көп ойланбастан Андерсонға сол көлікті сатып алып береді. Ол менеджерден Андерсонның көшеге шығуын сұрайды. Кейіннен тосынсый жасайды.
Ал, қызметкер өзін жұмыстан қуып жатыр деп ойласа керек. Қызметші көз жасына ерік беріп, кәсіпкерге алғысын айтты.