Астанада ер адам жылытылатын аялдаманы қиратты

04.01.2019 19:37

Астанада жылытылатын аялдаманың шыны есігін теуіп сындырған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Әлеуметтік желіде оқиғаның 2 қаңтарда түнгі екілер шамасында болғаны айтылады.  Жазбада ер адамның өзі хабарласуы сұралған, олай болмаған жағдайда ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылады.  Астана әкімдігінің өкілдері видеоның Алматы аудандық полициясына жіберілгенін және осы дерекке қатысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Біз осы видеоны әдейі 109 қызметіне (елордалық кезекшілік қызметі) бердік, өйткені адамдар не болып жатқанын көруі керек. Бұл Байтұрсынов көшесінде орналасқан жаңа аялдама кешені. Біз енді бұзақылық актісін көріп отырмыз», - деді жол қозғалысы қауіпсіздікгі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің басшысы Руслан Абдуалиев.


2018 жылы Астанада 55 жылы аялдама орнатылды. Әкімдік өкілдері астаналықтар мен қала қонақтарынан инфрақұрылымға күтіммен қаруға шақырады.