Кедей отбасынан шыққан баланың сыйлығы мұғалімінің жүрегін ауыртты

25.12.2018 19:45

Бастауыш мектеп мұғалімі Уретцки-Пратт кедей отбасынан шыққан баланың жасаған сыйлығы жайлы айтты, деп жазады stan.kz.

Оқушылар мұғалімнің сыйлығына жауап ретінде кішкене ескерткіш сыйлықтар жасайды. Оқушының бірі мектепте тегін беретін тәтті зефирлерді пакетке орап, мұғаліміне сыйлаған.

«Бұл бала маған сыйлық жасағысы келді, бірақ оның ештеңесі жоқ еді. Бар нәрсеге рахмет айтыңыздар. Сізге не берсе де риза болыңыздар. Бастысы, сыйлықты шын ниетімен жасағаны», – дейді мұғалімі.

Мұғалімі баланың сыйлығын көріп қатты толқыды.

Бұл жазба желіде көп қаралды. Желі қолданушылары баланың тапқырлығына риза болды.