Алматының АҚШ-пен арадағы тауар айналымы былтыр 400 млн долларды құраған

26.10.2018 22:47

Алматы – Қазақстанның мәдени және ғылыми-танымдық орталығы. Америка Құрама Штаттарының бас консулы Эрик Майер қала басшысымен кездесуде осыны мәлімдеді.

Кездесуде тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы серіктестік туралы сөз қозғады.

Айта кетейік, қазір Алматыда Америка қаржысының қатысуымен 168 компания жұмыс істейді. Олардың дені телекоммуникация, қаржы және сауда салаларында қызмет көрсетеді. Алматы қаласының Құрама штаттармен арадағы тауар айналымының көлемі өткен жылы 400 миллион доллардан асып жығылған.