Алматыда жаңа «таулы» автобус бағыты ашылды

24.12.2018 19:47

Алматыда қоғамдық көліктің жаңа бағыты ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Көптеген өтініштер бойынша, Нұрлытау ықшамауданында тұратындар үшін 25 желтоқсаннан бастап №116 бағытында жүретін жаңа автобустар пайда болады. Ол Розыбакиев/Райымбек, Жароков, әл-Фараби даңғылдарымен өтіп, Витебск, Өтегенов, Сапарлы жол көшелерімен жүріп, Нұрлытау ықшамауданында рейті аяқтайды.  Жаңа бағытта ықшамауданның таулы аймағына арналған ГАЗель маркалы автобустары қатынайтын болады.