Дәрігерлер 7 айлық баланың артық дене мүшелерін алып тастады

08.11.2018 19:47

Үндістанның Мегхалая штатында 7 айлық егіз балаға ота жасап, артық дене мүшесін алып тастады, деп хабарлайды stan.kz.

Қыз бала екі қол, екі аяқты болып туды. Кеудесінің төменгі жағында, асқазанында артық ет болды. Ол сыңарының жетілмей қалған денелері. Шақалақ эмбрион болып дамып жатқан кезінде сыңарын жұтып қойған.

Екі жарым сағатқа созылған ота кезінде сәбидің денесіне біткен денелердің алды.

«Бұл өте ауыр ота болды. Паразитті егіздің сыңары екіншісінің маңызды ағза мүшелерін зақымдаған. Оның бауыры тік ішегінен шығып тұрды», – дейді дәрігер.