Жаркентте студентті ұрған мұғалімге қатысты іс қозғалды (видео)

11.01.2019 19:49

Алматы облысындағы Жаркент қаласында студентке қол жұмсаған мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазір осы оқиғаға орай, арнайы комиссия құрылды. Жағдайға не түрткі болғаны анықталады. Қазір мұғалімнің үстінен ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеруге орай мұғалім жұмыстан шеттетілді», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Ведомства өкілінің  сөзінше,  оқиға Жаркенттегі көпсалалы  колледжде қаңтардың 10 күні болған. Ал облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов, мұғалім биылғы оқу жылында жұмысқа орналасқанын мәлімдеді. Айта кетейік, қазір мұғалімнің студентке қол жұмсап, былапыт сөздер айтқан видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.