Канаданың Саскатун қаласында танымал татуировка шебері Крис Венцель 28 қазанда ұйықтап жатып қайтыс болып кеткен. 41 жастағы ер адам тоқ ішек жарасы ауруынан зардап шеккен екен. Алайда, ол қайтыс боларының алдында әйеліне нұсқаулық беріп, терісін сақтап қоюын өтініпті, деп хабарлайды Stan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
«Ол өз терісін шешіп алып, оны шірімейтіндей етіп жасай алатын адам табуымды сұрады», – дейді әйелі Шерил.
Күйеуінің өтінішін орындағысы келген әйел осындай іспен айналысатын бүтін бір компанияны тапқан. АҚШ-та орналасқан Save My Ink Forever компаниясы татуировканы сақтап қою бойынша ерекше әдісті қолданады. Бальзамдау шебері және жерлеу агенттігінің директоры Кайли Шервудтың сөзінше, мұндай процесс 3 айға созылады.
Кайли Саскатун қаласына ұшып келіп, қайтыс болған ер адамның арқасы, кеудесі, қолы мен аяғындағы терісі кесіп алған. Бұл процедура үшін Шерил 80 мың доллар (29 млн 500 мың теңгеден аса) ақша төлеген.
Ер адамды жерлеу рәсімі 14 қарашада өтті. Ал оның терісі өзі жұмыс істеген тату-студияға қойылады.