Ресейдің Улянов ауданында бір отбасы мүшелері өлі күйінде табылды, деп хабарлайды stan.kz.
Үй ішінен 48 жастағы әйелдің, 15 жастағы қызы мен 11 жастағы ұлының, отағасының мәйіті табылды. Олардың бәрі оқ жарақатынан мерт болған.
Тергеудің басты болжамына сәйкес, ер адам отбасы мүшелерін өлтіріп, соңынан өзіне қол жұмсағанға ұқсайды. Тек 17 жастағы жеткіншек аман қалды. Ол оң жақ иығынан жараланып, ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.
Болжам бойынша, жанжал қызғаныш кесірінен туған. Қайғылы жағдайға нендей оқиға себеп болғаны белгісіз.