Қарағандыда 4 айлық сәбиді кімнің, не үшін ұрғаны анықталды

30.10.2018 19:51

Қарағандыда 4 айлық сәби денесі  көгала қойдай көгеріп ауруханаға түскен еді. Безбүйрек ана тура сол сәтте баласын әпкесінің азаматтық некедегі күйеуіне тастап, өзі саунаға кеткен.

Баланың анасы  сол күні 311 мың теңгенің алтын алқасын ұрлап, жергілікті полицияға түсініктеме жазған, деп хабарлайды kyn.kz.

Әйел полицейлерге ұрлығын мойындағанымен, қамауға алынбаған. Тек қолхат жазып үйіне босатылған. Ал баласының ауыр халде ауруханаға жеткізілгенінін әйел үйіне келгенде ғана білген.

Жақындарының айтуынша, сәбиге туыс әпкесінің азаматтық некедегі күйеуі қарап қалған. Әрі ер адам баланың жылағанына шыдамай аяусыз сабап тастаған.

Нәресте қазір Балалар үйінде. Әйелдің бұл баладан бөлек екі жарым жастағы қызы бар. Бұл мәселе біржақты болғанша қызы әкесінің қамқорлығында болады.