Анасы күйеуін тексеру үшін өз баласын әдейі ұрлатқан

07.12.2018 19:52

Қытайдың Юэцин қаласының тұрғыны өз ұлын әдейі ұрлап кеткендей көрсеткен. Ол мұндай әрекетке күйеуінің өзі мен баласы үшін алаңдайтынын тексеру үшін барған.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, әйел күйеуімен дауласып қалғаннан кейін ұлын мектептен алып кетуге барған. Алайда баласын басқа көлікке отырғызып, сол жерде күтуін сұрайды. Өзі полицияға барып, баласының ұрланғанын мәлімдеген. Мұнан кейін әйел баласын ауылға алып барып, туыстарының үйінде қалдырыпты, деп жазады Stan.kz.

«Жоғалып кеткен баланың» іздестірілуін бүкіл мемлекет бақылады. Отбасы баланың қайда екені туралы ақпарат берген адамға 500 мың юань (26 миллион теңгеден аса) сыйлық беретінін мәлімдеген. Юэцин және көршілес Вэньчжоу қалаларының құқық қорғау органдары оқушыны іздестіруге айтарлықтай күш пен қаражат жұмсапты.

6 күн дегенде бала аман-есен табылды. Артынша оның анасы адамдарды әдейі алдап келгені анықталды.

Әйел жалған ақпаратты әдейі таратты деп айыпталып, тұтқындалды.