Ирандағы ұшақта қазақстандықтардың болған-болмағаны жөнінде ақпарат әзірге жоқ – ҚР СІМ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Иранда апатқа ұшыраған ұшақтың бортында қазақстандықтар бар-жоғын ҚР СІМ нақтылап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметінің Телеграмдағы каналына сілтеме жасап.
«Қазақстанның Ирандағы елшілігінің ақпараты бойынша, Тегеран маңында апатқа ұшыраған Boeing 707 ұшағының бортында қазақстандықтар туралы ақпарат әлі жоқ. Біздің дипломаттар Иран құзырлы органдарымен және Ирандағы Қырғызстанның елшілігімен байланыста. Нақтыланған ақпарат қосымша беріледі», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, бұған дейін Иран астанасы Тегеран қаласының маңында «Боинг-707» ұшағы құлап, он адам қаза тапқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34