150-ден астам нәресте санавиация көмегімен құтқарылған

27.07.2018 18:17

Жыл басынан бері 150-ден астам жаңа туылған нәрестелер санитариялық авиация күшімен құтқарылды.

Аяғы ауыр, толғағы жақын әйелдерді ауыл-шалғай, алыс мекендерден тиісті көмек көрсетуге қауқарлы перзентхана және ауруханаға әуе кемесімен жеткізген.

Дегенмен, «Қазавиақұтқару» басшысы қызметте жағдайы мүшкіл науқастарды тасымалдайтын «аспан көлігінің» аз екендігін айтады. Әсіресе, тікұшақтар жетіспейді. Ал техника санын арттыру үшін 130 миллиард теңге қажет.  

«Бір жыл бұрын, мен өз қызметіме кіріскенде, техника санын көбейту керектігін бірден айттым. Үкіметке дейін жеттік, олар бізді қолдады. 2019 жылдан бастап арнайы әуе кемелерін сатып алу туралы жол картасы қабылданды. Оның аясында өрт сөндіру, санитарлдық авиацияның жеке құрамын, жүгін тасымалдайтын ұшақ, тікұшқатар сатып алынады.  Жол картасы құр құжат ретінде қалмай, іске асады деген үміттемін», – деді ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Андрей КОСОЛАПОВ.