Жұлдыз Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
«Үкіметтің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.
Жұлдыз Омарбекова 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Құқықтану маманы, әлеуметтік ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген.
2013-2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы, 2014-2015 жылдары - Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі таңға дейін «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.