ТМД елдері мен Қазақстандағы ірі аналитикалық форекс-брокер департаменті — «Альпари» компаниясының директоры Қазақстанда ұлттық валюта тарихи минимумға дейін құлдырайды деген пікірде.
Александр Разуваевтың айтуынша, америкалық доллардың бағасы 400 теңгеге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik.
«Егер теңге мәселесіне тоқталатын болсақ, 400 санын сөзсіз көреміз. Бұл экономиканың дұрыс дамуы валютаның мықты болуымен байланысты еместігін көрсетеді. Әсіресе, жас нарықтар туралы сөз қозғаған кезде», — деді Разуваев.
Разуваевтың пікірінше, теңгенің дәл бұлай әлсіреуі Ресейде мөлшерленген әлсіз рубль саясатының жүргізіліп жатқанымен байланысты. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Ресей экономикасының тығыз байланыста болып қана қоймай, өзара құрылым жағынан ұқсайтынын жеткізді.
Осы уақытқа дейін Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев ұзақ мерзімде теңгені айырбастау курсы көп жағдайда Қазақстанның төлем балансымен байланысты екенін айтқан-ды.
Ақышевтің пікірінше, теңге мен рубль аз уақыт ішінде басым түрде корреляцияға ұшырайды.
26 қыркүйекте бір доллардың құны 359,76 теңге болды, жыл басынан бері 8,3% әлсіреді.
Ұлттық банк теңгенің АҚШ долларының дамыған мемлекеттер валютасына қатысты нығаюымен және болашақта ресейлік санкцияларға қарсылық күшейтілетінімен байланысты әлсірейтінін мәлімдеген-ді.