Ұйқылы-ояу бөтен үйге кіріп кеткен азамат ажал құшты

Ұйқылы-ояу бөтен үйге кіріп кеткен азамат ажал құшты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тың Флорида штатында 71 жастағы үй иесі ашық қалған есіктен кездейсоқ кіріп келген ер адамды атып тастады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Джон Эдмунд Барбур шақырылмаған қонақтан бірнеше рет үйден шығып кетуін талап еткен.

«Ұры» құлақ аспаған соң, екі рет оқ атады»,  деп хабарлады Gainsville.com порталы.  

Қаза болған адам айкезбе ауруына ұқсас белгілері бар ұстамадан зардап шегетін 52 жастағы Грегори Миллер болып шықты.

Оның отбасының айтуынша, марқұм 30 жыл бұрын бас сүйегінен жарақат алып, кейде өз әрекетіне жауап бере алмайтын хәлге түскен.    

Полицейлердің сөзіне қарағанда, Джон Барбурға айып тағылмайтын секілді. 

«Сыртқы есік жабық болғанда мұндай ештеңе болмас еді», - дейді марқұмның әпкесі.

Бауыры ешқашан ешкімге жамандық істемеген көрінеді, қайта адамдарға өмір бойы көмектесіп келген. Бұл сөзді көршілері растады. Дегенмен, айыпталушыға да таныстары жақсы мінездеме беріп отыр.     

Новости партнеров