|
20.09.2018 | 15:01
1405

«Цеснабанктің» 450 млрд теңгені қайда жұмсайтыны белгілі болды

«Цеснабанктің» 450 млрд теңгені қайда жұмсайтыны белгілі болды

Осы жұмыстар аясында 2018 жылғы 19 қыркүйекте ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық Банкі «Цеснабанк» АҚ-нан 450 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алу тетігін бекітті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Таяу күндері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін ахуалды жақсартуға, сондай-ақ несие портфелінің сапасын түбегейлі жақсарту есебінен «Цеснабанк» АҚ-ның орнықтылығын арттыруға мүмкіндік беретін тетік іске асырылатын болады.

«Цеснабанк» АҚ «ҚазАгро Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге берілген валюталық несиелерді несиелендіру мерзімдерін ұзарта отырып, теңгелік несиеге айырбастау тетігін бекітті. Бұл агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының қарыздық жүктемесін және сыртқы факторлардың әсерінен болатын бағамдық ауытқуларға тәуелділікті азайтады», - делінген хабарламада.

Қолға алынып жатқан іс-шаралар аясында мемлекет елдің аграрлық секторын қолдауды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді несиелендіру саласында жетекші орын алып отырған және елдің қаржылық секторы үшін жүйелі маңызға ие «Цеснабанк» АҚ орнықтылығын қамтамасыз етті.

________________________________________


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир