Балмұздақ ісіне нүкте қойылды

05.12.2018 20:05

100-ден астам тұрғынның улануына себеп болған балмұздақ ісіне нүкте қойылды. Бүгін Шымкент қалалық әл-Фараби аудандық соты кәсіпкерге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Тиісті талаптарды сақтамаған бизнес өкілінің 1 жылға бас бостандығы шектелді. Онымен қоса судья оның 3 жылға дейін қоғамдық тамақтану бағытында кәсіпкерлікпен айналысуына шектеу қойды.

Сондай-ақ 50 мың теңгеден төмен моральдық шығын талап еткен зардап шегушілердің талабы да қанағаттандырылды.